🏦 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жаңа автокөліктерді елге әкелуді ынталандырады. В целях обеспечения экологической безопасности государством стимулируется ввоз в страну новых автотранспортных средств посредством уменьшения ставки регистрационных сборов в зависимости от возраста транспортного средства.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Автокөліктерді заңсыз тіркеу: мемлекетке келтірілген шығын 11 миллиард теңгеден асты

 

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жаңа автокөліктерді елге әкелуді ынталандырады. Бұл ретте көлік құралының жасына қарай бастапқы тіркеу алымдарының мөлшерлемесі төмендетіледі.

Соңғы үш жыл ішінде Агенттіктің аумақтық департаменттері көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтару фактілері бойынша 88 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келтірілген залал 11,8 млрд теңгені құрады.

Күдікті ретінде 70 адам танылды, олардың қатарында Әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және нотариустар бар.

Нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді. Сонымен қатар, құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және 968 млн теңгенің күдіктілерге тиесілі мүлкіне тыйым салынды.

Мысалы, Ақмола облысында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері бар топқа қатысты үкім шығарылды. Олар 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 55 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеу арқылы мемлекетке 401 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Сот оларды 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне жалпы құны 125 млн теңгені құрайтын 3 пәтер мен жеке тұрғын үй, сондай-ақ 21 млн теңге ақшалай қаражат тәркіленді.

 

Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы “АФМ Insider” телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

 

 

 

 

Незаконная регистрация автомобилей:

 ущерб государству составил свыше 11 млрд тенге

 

В целях обеспечения экологической безопасности государством стимулируется ввоз в страну новых автотранспортных средств посредством уменьшения ставки регистрационных сборов в зависимости от возраста транспортного средства.

За последние три года территориальными департаментами Агентства расследовалось 88 уголовных дел по фактам незаконной постановки на регистрационный учет свыше 1,8 тыс автотранспортных средств с уклонением от уплаты сбора за первичную регистрацию в размере 11,8 млрд тенге.

В качестве подозреваемых признаны 70 лиц, в числе которых руководители и сотрудники Управления административной полиции, НАО «Правительство для граждан» и нотариусы.

В результате государству уплачены сборы в сумме 900 млн тенге, наложены аресты на 1,5 тыс автотранспортных средств стоимостью 31 млрд тенге, а также на имущество подозреваемых на сумму 968 млн тенге.

К примеру, в Акмолинской области вынесен приговор в отношении группы лиц, включая сотрудника Управления административной полиции, которые в период с 2020 по 2022 годы незаконно произвели первичную регистрацию 55 грузовых автомобилей, причинив ущерб государству на сумму 401 млн тенге.

Суд назначил им наказание в виде лишения свободы сроком на 2,5 года.

Кроме того, в доход государства конфискованы 3 квартиры и частный дом общей стоимостью 125 млн тенге и денежные средства на сумму 21 млн тенге.

 

Если вам стали известны факты совершения экономических правонарушений, просим сообщить об этом в телеграм бот «АФМ Insider». 

Анонимность гарантируется.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006870?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *