
Құрылыс саласындағы жымқыру: 650 млн теңге жалған шарттар арқылы шығарылған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарушы директоры мен «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Олар «Көк-Төбе» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
2022 жылғы қаңтарда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс төленген.
Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған және өрескел бұзушылықтармен жүргізілген. Ал аванс күдіктілер тарапынан құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Сонымен қатар, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 млн теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.
ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Хищение в строительстве: 650 млн тенге
выведены по фиктивным договорам
Столичным департаментом АФМ окончено расследование в отношении управляющего директора АО «Samruk-Kazyna Construction» и руководителя ТОО «Дорстройтрест». Они подозреваются в хищении бюджетных средств, выделенных на строительство многоквартирного жилого комплекса «Кок-Тобе».
В январе 2022 года АО «Samruk-Kazyna Construction» заключен договор об инвестировании строительства с ТОО «Дорстройтрест» и перечислен аванс в размере 2,6 млрд тенге.
Однако строительные работы проводились с нарушениями и в установленные сроки не завершены, а полученный аванс направлены подозреваемыми на погашение долгов, не связанных со строительством, а также на приобретение автомобилей.
Кроме того, 650 млн тенге выведены через фиктивные договоры на счета аффилированных ТОО и обналичены.
На полученные преступные доходы приобретены две автомашины стоимостью 23 млн тенге, которые с целью сокрытия от возможной конфискации оформлены на доверенных лиц.
С санкции суда на все имущество подозреваемых стоимостью 170 млн тенге (5 автомашин и квартира в столице) наложен арест.
В отношении подозреваемых избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.
Бывший управляющий директор АО «Samruk-Kazyna Construction» объявлен в международный розыск.
ПРЕСС-СЛУЖБА АФМ

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006970?lang=kk

Добавить комментарий