
Алматыда жер телімдерін қайтару: мемлекеттік учаскелерге қатысты алаяқтық схемасы әшкереленді
Алматы қаласында А.К. Әбдіжапаров қатысты мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтық жолмен иемдену дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды.
Аталған қылмыстық істі ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді.
Анықталғандай, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен уақытша пайдалану құқығы негізінде «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларында орналасқан жер телімдері 5 жыл мерзімге берілген.
Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған.
Алайда іс жүзінде мұндай қаулылар әкімдік тарапынан шығарылмаған.
Осының нәтижесінде ол аталған жер телімдерін заңсыз түрде өзінің «Айша Групп» ЖШС-нің атына қайта тіркеген.
Кейін бұл жер телімдерін үшінші тұлғаларға 1,3 млрд теңгеге сатып жіберген.
Соттың санкциясымен нарықтық құны 13,6 млрд теңге болатын жер телімдеріне тыйым салынды.
Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, олардың аумағында инновациялық хаб салу жоспарлануда.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Возврат земель в Алматы: раскрыта схема мошенничества с государственными участками
В г.Алматы вынесен обвинительный приговор в отношении Абдижапарова А.К. по факту мошенничества, в результате которого он обманным путём завладел земельными участками, принадлежащими государству.
Расследование проведено Департаментом АФМ по г.Алматы.
Так, постановлениями акимата во временное пользование сроком на 5 лет в АО «Социально-предпринимательская корпорация «Алматы» переданы земельные участки, расположенные по ул.Жукова уч.67 (площадь 2,3 га) и ул.Жамакаева уч.77 (площадь 6,3 га).
Будучи бывшим сотрудником НАО «Правительство для граждан» и понимая, как устроена система регистрации недвижимости, Абдижапаров предоставил в уполномоченные органы заведомо ложные соглашения о расторжении договоров временного пользования и поддельные постановления акимата о том, что вышеуказанные земельные участки якобы переданы в частную собственность.
Однако в действительности такие постановления акиматом не выносились.
В результате им произведена незаконная перерегистрация земельных участков на принадлежащее ему ТОО «Айша Групп».
В дальнейшем он реализовал участки третьим лицам за 1,3 млрд тенге.
С санкции суда наложен арест на земельные участки, рыночная стоимость которых составила 13,6 млрд тенге.
Приговором суда Абдижапаров признан виновным по ст.190 ч.4 п.2 УК (мошенничество), и ему назначено наказание в виде 7 лет лишения свободы.
Земельные участки возвращены в собственность государства, на их территории планируется возведение инновационного хаба.
Приговор вступил в законную силу.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006993?lang=kk

Добавить комментарий