Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті мәжіліс өтіп, комиссия төрағасы Бердіғали Өмірәлі жүргізді.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Күн тәртібінде №7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің 2023–2024 жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасы қаралды.
Жиынға №7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Марат Нысанбаев қатысып, көрсетілетін қызметтер бойынша жан-жақты ақпарат ұсынып, мәслихат депутаттарының сауалдарына жауап берді.
Талқылау барысында қызмет көрсету сапасын арттыру, процестің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында өзекті мәселелер көтерілді.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1007211?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *