«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңның 19-бабына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихаты Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы бойынша бос орын жөнінде төмендегідей хабар береді.
- Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы – 1.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңның 10-бабына сәйкес 2025 жылдың 30 мамыр – 13 маусым аралығында сағат 18:30-ға дейінгі мерзімде жоғарыда аталған сайлау комиссиясына кандидатуралар ұсынуыңызды сұраймыз.
Осыған орай, саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің отырыстарының тиісті сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы хаттамаларынан көшірмелер;
2) саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы өтініші (жеке куәлігінің көшірмесі) қоса тіркеледі;
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты. Байланыс телефондары: 8 (7292) 466218.
Мұнайлы аудандық мәслихаты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-maslihat-audany/press/news/details/1007936?lang=ru

Добавить комментарий