
🔹МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібіне сәйкес 5 мәселе қарастырылды, оның ішінде тәртіптік практиканы талдау қорытындысы, «е-Qyzmet» АЖ мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін толтыру бойынша мониторинг нәтижелері қарастырылды.
🔹Сонымен қатар, Қарқаралы ауданы әкімінің және Теміртау қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің есептері тыңдалды.
🔹Бұдан бөлек, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша бір тәртіптік іс қарастырылды.
🔹Қаралған мәселелер бойынша тиісті профилактикалық ұсыныстар және тәртіптік іс бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілді.
🔹Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың өкілдері онлайн режимінде қатысып, туындаған сұрақтарға жауап берді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/press/news/details/993503?lang=kk
Добавить комментарий