Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
✔️Астана қаласында өткен республикалық командалық айтыстың жартылай финалында Түркістан облысының айтыскер ақындары мен жыршы-термешілерінен құралған командасы Ақтөбе облысының командасын жеңіп, финалға жолдама алды.
✔️Жартылай финал тартысты өтті. «Ерлік – елдік дастаны» тақырыбын арқау еткен аламанда айтыстың арыстаны, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков бастаған өңіріміздің мықтылары жеңіске жетіп, ел мерейін көтерді.
✔️Былтыр наурыз айында бастау алған жоба биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланған Ақтау қаласында қорытындыланбақ. Түркістандықтарға финалдағы өнер додасында Қарағанды облысының жүйріктері қарсылас болады.
✔️Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен өтіп жатқан сайысты әр өңірдің әкімдігі мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» бірлесіп ұйымдастырып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/988991?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *