
Қызылордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Бірлік жүгірісі» спорттық-бұқаралық іс-шарасы өткізілді.
Аталмыш спорттық шара Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидасын облыс аумағында жүзеге асыру мақсатында өткізілген марафонға облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңесұлы бастаған ұжым мен университет оқытушылары және студенттер қатысты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/987819?lang=kk

Добавить комментарий