2025 жылдың 18 сәуірі күні Қосшы қаласында Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған “Әлқисса, Нұрғиса” облыстық күйшілер байқауы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Байқауға облыс аудандары мен қалаларынан, Қарағанды облысы мен Астана қаласынан он үш күйші қатысып, бақ сынады.

Байқауға күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, PhD докторы, «Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының жетекшісі Айтолқын Тоқтаған, ҚР-сы Ұлттық музейдің бөлім жетекшісі, өнертану ғылымының докторы, күйші, зерттеуші Ардаби Мәулетұлы төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде қосшылық Сайырхан Ертіске бұйырып, 150.000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жүлделі І орынды және 100.000 теңгені астаналық Бөлекбай Валерия, ІІ орын және 80.000 теңге қосшылық Айтмағанбетов Мейрам, ІІІ орынмен қарағандылық Анықбеков Манап пен жарқайыңдық Ақділов Кенжебек марапатталды.

Қалған қатысушыларға алғыс хатпен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/979501?lang=kk