«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты — экомәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жас ұрпақтың бойында табиғатқа құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру— біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта біз облысымызда экологиялық тәрбиені нақты іс-шаралармен ұштастырған, елімізде баламасы жоқ ерекше жоба – «Мектеп орманшылығы» жобасын бастадық. Бұл бастама — «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының аясында жүзеге асуда.
Жобаның алғашқы күні мектеп оқушыларымен бірге орман алқабына барып, көшет отырғыздық. Балалардың қызығушылығы мен жауапкершілігі мені ерекше қуантты. Әр отырғызылған ағаш — олардың болашаққа қосқан үлесі.

Жобаның аясында өңірдегі барлық мектептерге орман қорынан нақты учаскелер бекітіліп, оқушылар жасыл желек егіп, күтім жасауды үйренеді. Бұл тек біркүндік шара емес — бұл ұзақмерзімді, жүйелі жұмыс.
Бұл — тек бүгіннің ғана емес, ертеңіміздің де қамы.

Жобаны қолдап, туған еліміздің табиғатына жанашырлық танытып отырған барша жастарға, олардың ата-аналары мен ұстаздарға ризашылығымды білдіремін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/979990?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *