КЕЛЕСТЕ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕСТЕ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Келес ауданында үлкен спорттық мереке өтті. “Келес спорт клубының” ұйымдастыруымен Ошақты ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе елді мекенінің орталық алаңында Сапаралы қажы Төрекелдіұлының жүлдесіне арналған ересектер арасындағы облыстық ашық футбол турнирі өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы Ағыбаев арнайы қатысып, турнирге қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын насихаттауда мұндай жарыстардың маңызы зор екенін атап өтті.
– Спорт – тек физикалық күш емес, ол – тәртіп, ынтымақ пен жігер. Мұндай жарыстардың жастар мен жалпы қоғамға берері мол. Сондай-ақ өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына серпін беріп, ауыл жастарының футболға деген қызығушылығын арттыра түсері анық. Барша командаларға сәттілік тілеймін, — деді аудан басшысы.
Турнирге Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген мықты 11 команда қатысты. Атап айтсақ: Ынтымақ, Қоңыртөбе, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Шымкент және Түркістан қаласының командалары жасыл алаңда өзара мықтыны анықтады.
Жанкүйерлердің ыстық қолдауы мен командалардың намысты ойын өрнегі тартысты әрі әсерлі сәттерге толы болды. Финалдық кездесулерде нағыз спорттық рух пен шеберлік айқын көрінді. Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды — Келес ауданының Береке командасы иеленсе, 2-орынды— Шардара командасы, 3-орын — Жетісай командасына бұйырды.
Сондай-ақ, ерекше ойын өрнегімен көзге түскен бірнеше ойыншы арнайы номинациялармен марапатталып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жеңімпаздарға кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981580?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *