«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Бос лауазымдар атауы:
- Әдістемелік кабинетінің Қамқоршылық және қорғаншылық органның әдіскері – 1 бірлік;
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 24.04.2025 ж.
Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 05.05.2025 ж.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 208294 теңгеден бастап
- Әдістемелік кабинетінің Қамқоршылық және қорғаншылық органның әдіскері лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс, қорғаншылық-қамқоршылық беру жұмыстарын жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс жүргізуге әдістемелік көмек беруді ұйымдастыру.
- Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізу, аудандық әкімшілік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиямен, ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциясымен тұрақты байланыс жасау.
- Оқушылардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу, уақытында анықтау үшін жағдай жасау және отбасылық қолайсыздықтың бастапқы сатысында мәселерін түзеу бойынша жұмыстарына жетекшілік және өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың есебін жүргізу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мониторингісін жүргізу, қолайсыз отбасы есебіне тіркелген отбасыларды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүргізу, отбасындағы балалардың үйірме, лагерлермен қамтылуын қадағалау, қажет болған жағдайда ата-аналарды ата-аналық құқығынан шектеу, айыру жұмыстарын жүргізу.
- Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың өмір сүру жағдайын зерделеу және мүдделілігі мен қажеттілігін, дау-дамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтау, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсету.
- Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтау, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдау.
- Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенінің жүзеге асырылуын бақылау.
- Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасау.
- Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарымен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.
- Жылдың аяғында және ай сайын жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік кабинет меңгерушісіне есеп беру.
- Бөлім басшысының тапсырмасын орындау және бөлім қызметіне қатысты берілген өзге де тапсырмаларды орындау;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
- Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) “педагог”:
қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;
бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;
2) “педагог-модератор”:
“педагог” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;
диагностика жүргізу;
педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;
ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;
ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;
аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
3) “педагог-сарапшы”:
“педагог-модератор” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;
педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;
4) “педагог-зерттеуші”:
“педагог-сарапшы” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;
облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;
қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
5) “педагог-шебер”:
“педагог-зерттеуші” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;
облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,
қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;
қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.
- Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
- осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл;
- 17,18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды тапсыру үшін мекен –жайы:
БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135
Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ
Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67
Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-terekti/press/news/details/982741?lang=ru
Добавить комментарий