
КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кірістер басқармасының басшысы, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер қаралды.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIIІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/141-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2025 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы М.Сапиев баяндама жасап, аудан бюджетіне ұсынылған өзгерістерге түсінік берді, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ұсынылған мәселелерді депутаттар толық қолдап, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі А.Исмаилов сөз алып, сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, депутаттарға алғысын айтты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/982782?lang=kk
Добавить комментарий