
Бүгін Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы Рысқұлдың төрағалығымен діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бойынша, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында өзара іс-қимыл жөнінде жұмыс кеңесі өтті.
Шараға ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментінің басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Бақытұлы Ратов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің аға офицері Гүлмира Тұрсынбекқызы Валиева, Жетісу облысы Прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Қуаныш Бағланұлы Мусин, Жетісу облысы әкімі аппаратының экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Тілек Арынханұлы, Жетісу облысының дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Асқарұлы Жаңабай қатысты.
Жиын барысында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу саласындағы өзара іс-қимыл, деструктивті және жалған діни ағымдар идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру талқыланды. Әлеуметтік желіде діни экстремизм идеяларының таралуына қарсы іс-қимыл, масс-медиа мен әлеуметтік желілер алаңдарында сапалы жұмыс жасау бойынша бірқатар шаралар атқарылады.
Сонымен қатар, Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, профилактикалық жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру атап өтілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-pcsport/press/news/details/982939?lang=kk
Добавить комментарий