Далалы аумақтарда өртке қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Опубликовано:

Автор:

в категории

Астана қаласының маңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қамысты және қураған шөптерді шабу жұмыстары жалғасуда.

Қамыстың қарқынды өсуі байқалатын аумақтарды барынша қамту мақсатында шабу жұмыстарына қолмен басқарылатын механикаландырылған триммерлер және тіркемелі соқалармен жабдықталған МТЗ тракторлары, сондай-ақ, жоғары өтімділігімен және қуаттылығымен ерекшеленетін К-700 тракторы жұмылдырылған.

Арнайы тіркемелі қондырғымен жабдықталған бұл техника тығыз өскен қамыс алқаптарын, соның ішінде батпақты жерлерді тиімді түрде шабуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп 139 га қураған шөптер мен қамыс өсінділері шабылды. 

Бұл шаралар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала маңындағы табиғи аумақтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/983571?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *