АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

Опубликовано:

Автор:

в категории
№1 сайлау округінің депутаты Нұрман Ералиев Тасарық ауылдық округіне қарасты Ханарық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
 
Кездесу барысында ауыл тұрғындары Ақсу–Жабағылы бағытындағы, егістік алқапқа, мал жайылымына және жаз мезгілінде шөп пен сабан тасымалдайтын үлкен көліктер өтетін көпірді жаңарту мәселесін көтерді.
Аталған жобаның басты мақсаты — көлік қозғалысын жеңілдету, қауіпсіздікті арттыру және жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы жағдай жасау.
Өз кезегінде мәслихат депутаты Нұрман Рсымбетұлы бұл мәселе толық қарастырылып, көпір жабыны толықтай ауыстырылатынын және бұл бағытта қажетті қолдау көрсететінін айтты.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/983880?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *