
Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығының және «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасының жұмыс жоспарына сәйкес 23 сәуір күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 «Айналайын» бөбекжайында «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі: Білемін. Жасаймын. Қолданамын» тақырыбында облыстық семинар-практикум оздырылды. Мұндағы мақсат — мектепке дейінгі білім беру педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктері мен шеберліктерін үздіксіз арттыруға қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу алаңын құру, заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыра отырып, оларды тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру болды. Іс-шаралар барысында Ақсай қаласының бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері тың идеялар мен жобаларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
🔷Семинар-практикум ерекшелігі – тәжірибе алмасуға арналған «Ізденіс пен шабыт алаңы» жәрмеңкесі, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық кабинеттегі мамандардың (логопед, дефектолог, психолог) интеграциялық жұмыстары, шеберлік сағаттары мен практикалық алаңдардың ұйымдастырылуы болды. Бұл педагогтерге өзара ынтымақтастықты арттырып, кәсіби дамуға жаңа серпін берді. Сонымен қатар қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда қолданылатын инновациялық ресурстармен танысып, оларды оқу үдерісіне тиімді енгізу бойынша нақты ұсыныстар алды.
Семинар соңында қатысушылар «Ашық микрофон» алаңында өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Олар семинар барысында алған әсерлерін, жаңа ақпараттарымен, тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта қолдану жолдары туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, кейбір қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті. Ашық әрі жайлы атмосферада өткен бұл бөлім семинар мазмұнын тереңірек түсінуге және қатысушылар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/984328?lang=kk
Добавить комментарий