Пятикратные чемпионы области! 🏆🏐

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

9-12 шілде аралығында өткен «Ақ бидай – 2026» облыстық жазғы спорт мерекесінің финалында Тимирязев ауданының ерлер волейбол командасы өзінің жоғары шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, облыстың бес дүркін чемпионы атанды! 🏆

Турнир барысында спортшыларымыз қайсар мінез, ауызбіршілік, жоғары шеберлік пен жеңіске деген зор жігер танытты. Әрбір ойын Тимирязев ауданы командасының облыстық волейболда көш бастап тұрғанын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Бес чемпиондық атақ – кездейсоқ жетістік емес, бұл қажырлы еңбектің, темірдей тәртіптің және үздік болуға деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздер Тимирязевтің мықты қарсылас екенін тағы да дәлелдедіңіздер!

Ойыншыларды, жаттықтырушыларды және барлық жанкүйерлерді осы лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Әдемі ойындарыңыз, жарқын әсерлеріңіз және ауданымыздың намысын абыроймен қорғағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Жарайсың, Тимирязев! Жаңа жеңістерге бірге жете берейік! 💙💛🏆

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ofks-timirazevo/press/news/details/1313567?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *