«Адал азамат-біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында отбасы, мектеп,қоғам серіктестігі»

Опубликовано:

—

Автор:

в категории

Үржар ауданы мәдениет үйінің мәжіліс залында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауданы әкімнің орынбасары Ермек Сейльгазиннің төрағалығымен «Адал азамат-біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында отбасы, мектеп,қоғам серіктестігі» атты мектеп директорлары мен ата-аналардың қатысуымен жиын өтті. Сонымен қатар Үржар ауданының прокуратурасының прокурор орынбасары А.Есенов, Үржар аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Дүйсебаев қатысты. Жиынды Үржар ауданы білім бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынғазыұлы ашып, 2026-2027 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында атқарылытын жұмыстармен таныстырып,балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар жіті көңіл бөліп, түрлі интернет алаяқтықтан сақ болуға шақырды. Аудан прокурорының орынбасары А.Есенов «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың құқықтық жауапкершілігі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», Үржар аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Дүйсебаев «Үржар ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», Абылайхан орта мектебінің директоры З.Сатыбалдинова «Адалдық, әділдік, жауапкершілік-Адал азаматтың үш тұғыры» , Абай орта мектебінің директоры Т.Тұрдыбаев «Таза Қазақстан- Адал азаматтың табиғатқа деген адалдығы» тақырыптарында баяндама оқыды. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Сейльгазин заң ментіртіпті сақтап, тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығына тоқталып, қорытындылады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/urjar-raioo/press/news/details/1302410?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *