
Кәзіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігімен азаматтық қорғау органдары жеке құрамы және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік, еңбек жағдайын жақсарту мен мәртебесін көтермелеуге қатысты жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен мынадай нормалар көзделген: 1) қызмет бабында ауысқан кезде азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы төлеу. 2) Азаматтық қорғау органдары қызметкерін қызметі бойынша ауыстыру кезінде өз мүлкін тасымалдауға, сондай-ақ онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің жол жүруін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігімен жол жүруге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу. 3) Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілері соғыс не төтенше жағдай енгізілген кезеңде, терроризмге қарсы операция жүргізу кезінде, қарулы қақтығыс жағдайында, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою және өрттерді сөндіру міндеттерін орындағаны үшін ынталандыру 4) Азаматтық қорғау органдары негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыратын қызметкерлерін тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету; 5) Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне жекешелендіруге жататын өздері тұрып жатқан тұрғынжайларын өтеусіз немесе қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқық беру. Бұл бастамалар АҚО қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін басқа күш құрылымдардың жеке құрамымен теңестіруге және келешекте кадрлық әлеуетті арттыру мен қызмет өткеруді ынталандыруға бағытталған. Заң жобасы бүгінгі күні Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды, алдағы уақытта Парламент Сенатының қарауына енгізілетін болады. Одан басқа, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған және т.б. бірталай жұмыстар атқарылуда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/976103?lang=kk

Добавить комментарий