
«Авторлық диалог»
шығармашылық кездесу
Біртұтас тәрбие бағдарламасының жобасын іске асыру аясында «Наурызнама» онкүндігі негізінде Абай облысы білім басқармасының, Жарма ауданы білім бөлімінің бірлесуімен жергілікті ақындар, жазушылармен «Авторлық диалог» шығармашылық кездесуі өтті.
Кездесуге жергілікті ақындар, ҚР Мәдениет үздігі, «Ерен еңбегі үшін», «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарының иегері, ардагер ұстаз, аудандық «Шабыт» шығармашылық орталығының жетекшісі, ақын Рахметова Жұмабақыт Толышқызы, ақын-ұстаздар: Бақыршық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рабиева Жадыра Кадырбековна К.Шакенов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өнербек Жақсыбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есполов Нурлан Оспанбекович, аудандық білім бөлімінің мамандары Жанаева Нуржамал Алдамжаровна, Журсумбаева Гульнара Турлыбековна, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының әкімшілігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жергілікті жердегі білім беру мекемелерінің шығармашылықпен айналысатын 9-10-11- сынып оқушылары қатысты.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.О.Есполов сөзінде еліміздің кемел болашағы жастарға Жарма өңірінен шыққан ақындар, жазушылар, өнер адамдары туралы айтып, ой түйді.
Ақын, ардагер ұстаз Рахметова Жұмабақыт Толымқызы ақындықтың адам баласының рухы, тума талант, құдіретті өнер екенін айтып, ақындық жолынан сыр шертіп, туындыларынан өлеңдер оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақын ұстаздар Ж.К.Рабиева, Ж.Өнербек поэзия туралы қойылған оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өлеңдерін оқыды.
Жас дарын, таланттар, жас ақындар Теңіз Мөлдір, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы, Аружан Бекбосын, Маяковский атындағы орта мектебі, Төлеутай Айсана, К.Шакенов атындағы орта мектебі өз туындыларын ұсынды.
Білім бөлімінің әдіскерлері Журсумбаева Гульнара Турлыбековна, Жанаева Нуржамал Алдамжаровна дөңгелек үстел басындағы кездесуге қорытынды жасап, құрметті қонақтар мен қатысушылар атынан ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/garma-roo/press/news/details/967917?lang=kk

Добавить комментарий