ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖАПОНИЯДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУДА

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жапония тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салтына айналдырған ел ретінде кеңінен танымал. Қазір Азия ойындары өтіп жатқан елде Қазақстан құрамасының спортшылары да осы мәдениетке құрметпен қарап, тазалық сақтауға ерекше мән беріп келеді. Жарыс пен жаттығудан кейін спортшыларымыз өздерінің орындарын жинап, үнемі тазалық сақтауға тырысып жүр.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызын үнемі атап келеді. Осылайша, біздің спортшылар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының құндылықтарын шетелде де насихаттап, тазалық мәдениетін көрсетуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1295518?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *