ақпараттық-түсіндіру семинары

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында

Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, заң талаптарын сақтау және орындаудың маңызы түсіндірілді.

Атқарушылық жазбаға және осы саладағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға атқарушылық жазбаны жасаудың жаңа талаптары мен тәртібі түсіндіріліп, практикалық сұрақтарға жауаптар берілді.

Сонымен қатар атқарушылық іс жүргізу және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеп орындату шаралары мәселелері қаралды.

💬 Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға қызықтырған сұрақтар бойынша практикалық түсіндірмелер мен жауаптар алуға мүмкіндік берді.

📌 Құқықтық сауаттылық пен заңнаманы білу — «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды құрамдас бөлігі.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1295341?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *